Біз туралы » КГУ "Гимназия №1 имени Алихана Бокейханова отдела образования акимата города Тараз"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 43-34-92
Есепші бөлімі:
+7(7262) 43-29-21
Нашар көрушілер
нұсқасы
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
29
мамыр
2025
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Білім мен біліктілікті басты құндылық санаған гимназия директоры, ұлағатты басшы – Маханова Асем Нургалиевна 2025 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы ұйымдастырған «Мақсатты мектеп» жобасы аясында өткізілген біліктілік арттыру курстарын жоғары деңгейде ұйымдастырып, сапалы өтуіне қосқан кәсіби үлесі үшін АЛҒЫС ХАТПЕН марапатталды! Бұл – Асем Нургалиевнаның білім беру ісіне деген жоғары жауапкершілігінің, табанды еңбегі мен үздіксіз ізденісінің айқын нәтижесі. Сізді шын жүректен
Үздік мектеп - 2025
29
мамыр
2025
Үздік мектеп - 2025
Бүгін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Сәлемов Серік Жақсылықұлы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Үздік 100 мектеп - 2025» рейтингіне енген Әлихан Бөкейханов атындағы #1 гимназия директоры Маханова Асем Нұрғалиқызын салтанатты түрде марапаттады. Осы тізімнен Әлихан Бөкейханов атындағы гимназиямыздың табылуы – ұжымымыздың білім мен тәрбие жолындағы табанды еңбегінің, ізденіс пен жаңашылдыққа негізделген қажырлы қызметінің жемісі! ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың арнайы құттықтау хатын
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы
29
мамыр
2025
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы
Өткен аптада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған облыстық «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» атты тағылымды байқау мәресіне жетті. Бұл — жай ғана сайыс емес, жүрек пен сана сүзгісінен өткен сөз өнерінің, рух асқақтығының шынайы бәйгесі болды. Аймақтың әр түкпірінен жиналған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері – ұлт руханиятының шамшырағы, хакім Абайдың мұрасын жүрекпен сезініп, сөзге жан бітіріп, көркем бейнеледі. Осы рухани додада Тараз қаласының намысын қорғаған Ә.
ҮЗДІК БЕЙНЕСАБАҚ
10
сәуір
2025
ҮЗДІК БЕЙНЕСАБАҚ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін шыңдайтын "ҮЗДІК БЕЙНЕСАБАҚ" қалалық байқауында әріптесіміз, шығармашыл ұстаз Нұрланов Ерлан жүлделі III орынға ие болды! 🥉 Бұл — ұстаздың білімге деген адалдығы мен ізденісінің, жаңашылдыққа ұмтылған еңбегінің жарқын нәтижесі ✨. Әрбір сабағында ұлттық құндылықты ұлықтап, жас ұрпақтың жүрегіне сөз өнерінің нәрін сіңіре білетін Ерлан әріптесіміздің жеңісімен құттықтаймыз! Шығармашылық биіктерден көріне беріңіз!
ҮЗДІК БЕЙНЕСАБАҚ
10
сәуір
2025
ҮЗДІК БЕЙНЕСАБАҚ
Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін шыңдайтын "ҮЗДІК БЕЙНЕСАБАҚ" қалалық байқауында әріптесіміз, шығармашыл ұстаз Бегулиева Таңшолпан Мамырқызы жүлделі II орынға ие болды! 🥈 Ұстаздық жолдағы табыстарыңыз көп болсын! Шығармашылық шабыт пен биік белестер тілейміз!!!
ҮЗДІК IT ҰСТАЗ
10
сәуір
2025
ҮЗДІК IT ҰСТАЗ
Облыстық ҮЗДІК IT ҰСТАЗ ТУРНИРІ II кезеңнің нәтижелері бойынша гимназия ұстаздары үлкен жетістік көрсетті: 1-орын – Иманкулова Татты Ирановна 3-орын – Алипбаева Алия Ергалиевна Ұстаздарымыздың қажырлы еңбегі мен жоғары кәсіби шеберлігі тағы бір мәрте дәлелденді! Сіздерге шығармашылық шабыт пен толағай табыс тілейміз! Білім биігін бағындыра беріңіздер!
Психолог жетістігі
10
сәуір
2025
Психолог жетістігі
Тараз қаласының прокуратурасы қызметкерлерімен бірлесе ұйымдастырылған жоғары деңгейдегі тренинг барысында кәсіби шеберлігі мен іс-тәжірибесімен бөліскені үшін Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназияның психологы Бақытжамал Бақытжанқызы Әлмұратова Тараз қаласының прокурорының АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапатталды. Бұл марапат – білікті маманның еңбегіне берілген зор баға! Жетістіктеріңіз арта берсін!
ҮЗДІК ТӘЛІМГЕР
31
наурыз
2025
ҮЗДІК ТӘЛІМГЕР
Қалалық "ҮЗДІК ТӘЛІМГЕР" байқауында үздік өнер көрсетіп, гимназиямыздың абыройын асқақтатқан 🏅 Пашралиева Самал Ғанибекқызы жүлделі 1-орынды иеленді! 🎉👏 Бұл жеңіс – тынымсыз еңбектің, жоғары шеберліктің және талмай ізденудің жемісі! 💪📚 Самал Ғанибекқызын шын жүректен құттықтаймыз! 🌟 Болашақта да биік белестерді бағындыра беріңіз! 🚀✨
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
31
наурыз
2025
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Жамбыл облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен “Функционалдық сауаттылық: мәселелер және шешу жолдары” тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияда гимназиямыздың география пәні мұғалімі Амангелді Саят Сәбитжолұлы жоғары нәтижеге қол жеткізіп, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды!
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 12 Вперед