Мұғалімдер » КГУ "Гимназия №1 имени Алихана Бокейханова отдела образования акимата города Тараз"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 43-34-92
Есепші бөлімі:
+7(7262) 43-29-21
Нашар көрушілер
нұсқасы
ҮЗДІК БЕЙНЕСАБАҚ
10
сәуір
2025
ҮЗДІК БЕЙНЕСАБАҚ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін шыңдайтын "ҮЗДІК БЕЙНЕСАБАҚ" қалалық байқауында әріптесіміз, шығармашыл ұстаз Нұрланов Ерлан жүлделі III орынға ие болды! 🥉 Бұл — ұстаздың білімге деген адалдығы мен ізденісінің, жаңашылдыққа ұмтылған еңбегінің жарқын нәтижесі ✨. Әрбір сабағында ұлттық құндылықты ұлықтап, жас ұрпақтың жүрегіне сөз өнерінің нәрін сіңіре білетін Ерлан әріптесіміздің жеңісімен құттықтаймыз! Шығармашылық биіктерден көріне беріңіз!
ҮЗДІК БЕЙНЕСАБАҚ
10
сәуір
2025
ҮЗДІК БЕЙНЕСАБАҚ
Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін шыңдайтын "ҮЗДІК БЕЙНЕСАБАҚ" қалалық байқауында әріптесіміз, шығармашыл ұстаз Бегулиева Таңшолпан Мамырқызы жүлделі II орынға ие болды! 🥈 Ұстаздық жолдағы табыстарыңыз көп болсын! Шығармашылық шабыт пен биік белестер тілейміз!!!
ҮЗДІК IT ҰСТАЗ
10
сәуір
2025
ҮЗДІК IT ҰСТАЗ
Облыстық ҮЗДІК IT ҰСТАЗ ТУРНИРІ II кезеңнің нәтижелері бойынша гимназия ұстаздары үлкен жетістік көрсетті: 1-орын – Иманкулова Татты Ирановна 3-орын – Алипбаева Алия Ергалиевна Ұстаздарымыздың қажырлы еңбегі мен жоғары кәсіби шеберлігі тағы бір мәрте дәлелденді! Сіздерге шығармашылық шабыт пен толағай табыс тілейміз! Білім биігін бағындыра беріңіздер!
Психолог жетістігі
10
сәуір
2025
Психолог жетістігі
Тараз қаласының прокуратурасы қызметкерлерімен бірлесе ұйымдастырылған жоғары деңгейдегі тренинг барысында кәсіби шеберлігі мен іс-тәжірибесімен бөліскені үшін Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназияның психологы Бақытжамал Бақытжанқызы Әлмұратова Тараз қаласының прокурорының АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапатталды. Бұл марапат – білікті маманның еңбегіне берілген зор баға! Жетістіктеріңіз арта берсін!
ҮЗДІК ТӘЛІМГЕР
31
наурыз
2025
ҮЗДІК ТӘЛІМГЕР
Қалалық "ҮЗДІК ТӘЛІМГЕР" байқауында үздік өнер көрсетіп, гимназиямыздың абыройын асқақтатқан 🏅 Пашралиева Самал Ғанибекқызы жүлделі 1-орынды иеленді! 🎉👏 Бұл жеңіс – тынымсыз еңбектің, жоғары шеберліктің және талмай ізденудің жемісі! 💪📚 Самал Ғанибекқызын шын жүректен құттықтаймыз! 🌟 Болашақта да биік белестерді бағындыра беріңіз! 🚀✨
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
31
наурыз
2025
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Жамбыл облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен “Функционалдық сауаттылық: мәселелер және шешу жолдары” тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияда гимназиямыздың география пәні мұғалімі Амангелді Саят Сәбитжолұлы жоғары нәтижеге қол жеткізіп, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды!
«Үздік ұстаздан – үздік тәжірибе» шеберлік сыныбы
13
наурыз
2025
«Үздік ұстаздан – үздік тәжірибе» шеберлік сыныбы
🔹 2025 жылдың 11 наурызы күні Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназиясының математика пәні мұғалімі, республикалық «Үздік педагог-2024» конкурсының жеңімпазы, Естаев Дәурен Естайұлы облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен шеберлік сыныбын өткізді. 🔹 Іс-шара барысында педагог өз тәжірибесімен бөлісіп, маңызды тақырыптарды қамтыды: ✅ Педагог портфолиосы: кәсіби даму мен өзін-өзі бағалаудың құралы; ✅ Оқытудың заманауи әдістері мен технологияларын қолдану арқылы білім сапасын арттыру; ✅
ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ
06
наурыз
2025
ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ
Тараз қаласының қоғамдық өміріне белсене атсалысып, әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан қомақты үлесі мен еңбектегі елеулі жетістіктері үшін, сондай-ақ 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай әріптесіміз, ЧЕКИРДА ЕЛЕНА СТЕПАНОВНА Тараз қаласы әкімінің ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН марапатталды! 🏅✨ 👏 Кәсіби шеберлігіңіз бен еңбегіңіз үшін алғыс білдіреміз! Әрқашан биіктерден көрініп, табысты бола беріңіз!
Орыс тілі мен әдебиеті айлығының ашылуы
06
наурыз
2025
Орыс тілі мен әдебиеті айлығының ашылуы
Біздің мектепте Орыс тілі мен әдебиеті айлығының салтанатты ашылу рәсімі өтті! Іс-шара Ұлы Отан соғысы жылдарында өткен орыс жазушылары мен ақындарының шығармашылығына арналды. Олардың шығармалары – тарихтың тірі куәгері, халқымыздың қайсар рухы мен ерлігінің мәңгілік естелігі. 🔍 Ашылу барысында оқушылар қызықты интеллектуалдық және шығармашылық тапсырмаларға қатысты: 🔹 Тірі микрофон 🎤 – орыс әдебиетінің шеберлері жайлы сұрақтар; 🔹 Әдебиет сандығы 📦 – әдеби жұмбақтар мен шығармалардан
Қазақ_тілі_мен_әдебиеті айлығының ашылу салтанаты
06
наурыз
2025
Қазақ_тілі_мен_әдебиеті айлығының ашылу салтанаты
🌿 Гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті айлығының ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтті! Бұл мерекелік шара қазақ әдебиеті мен тілінің бай мұрасын дәріптеу, ұлттық рухты жаңғырту мақсатында ұйымдастырылды. Айрықша мәнге ие бұл күн ұлы ақын, кемеңгер ойшыл #Абай_Құнанбайұлының_180_жылдығына арналды. 🎭 #Абай_әлеміне_саяхат Шараның басты көрінісі – Абайдың "Жазғытұры" өлеңі негізінде сахналанған қойылым. Табиғаттың оянуы мен ұлттық дәстүрдің үндестігі көрініс тапқан бұл қойылым: 🍃 көктемгі даланың