Ата-аналарға » Страница 2 » КГУ "Гимназия №1 имени Алихана Бокейханова отдела образования акимата города Тараз"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 43-34-92
Есепші бөлімі:
+7(7262) 43-29-21
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жалпыадамзаттық құндылықтар – рухани дамудың қайнар көзі
24
қараша
2021
Жалпыадамзаттық құндылықтар – рухани дамудың қайнар көзі
Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар мен  нормалар  қызметін өзіне бағындырады және реттейді. Адам өзін қоршаған заттық және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды. Құндылықтар — қасиеттер. Олар бізге бала кезден, ана сүтімен бірге, ана тілі арқылы, мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығады.  Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназиямызда 23 қараша  – Жалпыадамзаттық құндылықтар күніне орай, білім
«BOOKCROSSING» акциясы
20
қараша
2021
«BOOKCROSSING» акциясы
Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназия оқушылары арасында «Буккросинг – бірге оқимыз: кітаптың айналыста жүруі» акциясы ұйымдастырылды. Оқушылар өздері оқыған қызықты шығармаларды өзгелермен бөлісу мақсатында кітаптарды айналымға енгізіп, оқырмандар арасында кеңінен насихаттауға мүмкіндік  жасады. «Сыйлыққа кітап» акциясы аясында «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы ұйымдаса отырып, гимназия кітапханасына кітаптар сыйлады. Акцияларға қатысқан оқушылар барынша белсенділік танытты. Бұл іс-шаралар
«Үздік өзін-өзі тану мұғалімі» байқауы
15
қараша
2021
«Үздік өзін-өзі тану мұғалімі» байқауы
 Педагогтеріміздің қоғамдағы мәртебесін және беделін, үздік мұғалімдердің озық педагогикалық іс-тәжірибесін  арттыру мақсатында   2021 жылдың қараша айында  Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану мұғалімі» облыстық байқауы болып өтті.  Байқау алдымен Тараз қаласы ұстаздарының арасында өткізілді. Қаладағы тәжірибелі, білікті ұстаздар жарысында Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназияның өзін-өзі тану пәні мұғалімі Үшкемпір Арайлым
Рәміздерім-мақтанышым
12
қараша
2021
Рәміздерім-мақтанышым
Егеменді еліміз басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде өзінің Елтаңбасы мен Гимні, Туын белгілеп, осы қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақтың терең түсініп, рәсімдерін орындау борышымыз деп санауын көздейді.  Мемлекеттік Ту ортасында күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран  – еркіндіктің символы.Күн сәулесі, көк аспан, шаңырақ, жұлдыз, қанатты тұлпар, бидай сабақтары – барлығы Елтаңбаны бейнелейтін нақыштар. «Гимн» сөзі қазақша «ұран», «ұран салу» деген ұғымды білдіреді.
«From waste to art»  байқауы
26
қазан
2021
«From waste to art» байқауы
Табиғат  –тіршіліктің  құт  берекесі.Табиғатты қорғау –  міндетіміз. Қазіргі кезде экология мәселесі нашарлап кетті.Табиғатты қорғау, сақтау қазіргі жастардың қолында. Адам–табиғаттың  ажырамас   бөлігі. «Табиғат» пен «адам» қатар ұғым. Адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Адам табиғатты қасиет тұтуы керек. «Адам – табиғаттың патшасы»  деген ұғым бар. Сондықтан табиғат адам үшін асыл ана. Өйткені адам баласы табиғаттың тіршілігінде өсіп-өніп, жетілген.  Табиғат –сөз жетпес
Кәсіби бағдар – мамандық таңдаудың негізі
26
қазан
2021
Кәсіби бағдар – мамандық таңдаудың негізі
25 қазан күні Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназиямыздың 7-сынып оқушылары кәсіби бағдар бойынша банк «ЦентрКредит» қызметкерлерімен кездесуге барды. Кездесу барысында оқушылар банктің тарихымен, жеткен жетістіктерімен танысты. Қаржылық сауаттылық, цифрлық сауаттылық жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу соңында барлық оқушыларға  «Цифрлық сауаттылық» бойынша арнайы сертификаттар табысталды. Өте белсенді қатысқан оқушыларға банк қызметкерлері кітаптарды сый ретінде табыстады. Мұндай
Шерхан Мұртазаға арнау
25
қазан
2021
Шерхан Мұртазаға арнау
Топырағынан тұнық бір алып нәрді, Жарқ еткен ізінде бір жарық қалды. Жуалының жусанды саз даласы Тудырған Шерхан сынды алыптарды.  Шер атам әдебиеттің тұғыры енді,  Мәңгілік басталды ғой ғұмыры енді. Талай рет шындық болып шырылдады «Мылтықсыз майдан» болып күңіренді.  Айта алды оқты сөзін ұққандарға, Қасқайды әділ сөзі құпталғанда. Сол арлы адалдықты тастап кетті  «Шерағаң шекпенінен» шыққандарға. Жай қарамай Тұрар тағдыр ғазалына, Том кітаптың ішінде ғажабы да. Шерханы Мұртазаның ғұмырында
Development of students’ creative speech activity in English lessons
23
қазан
2021
Development of students’ creative speech activity in English lessons
"Development of students’ creative speech activity in English lessons", was the theme of English Week this year. The purpose was to attract many students to work ,which provided for various forms of work (pair, group, individual), in accordance with the requirements of the Federal State Educational Standard, as well as a variety of activities. During the week, a positive motivation to further study a foreign language was created. Students receive additional opportunities to apply knowledge,
Кітап – асыл қазына
19
қазан
2021
Кітап – асыл қазына
Кітап – адамның жан-дүниесінің асыл қазынасы, рухани байлықтың өлшемі, адам интеллектісінің көрінісі. Ол – адамзат үшін ғасырдан ғасырларға жалғасып қызмет етіп келе жатқан ғылым мен өнердің, соның ішіндегі сөз өнерінің туындысы, ғалым адам мен қаламгердің жемісі.  Кемеңгер кітапты сан мың рет ақтарып, ондағы мәлімет пен деректерді өз санасына судай сіңіре білген адамға телегей теңіздің терең тұңғиығында ғана кездесетін ақ маржандай қымбат.Сондықтан кітапты ұқыпты ұстай білейік.  Кітап оқитын
Ғаламторға тәуелділік –қоғам дерті
16
қазан
2021
Ғаламторға тәуелділік –қоғам дерті
Ғаламтор – мол мүмкіндіктер мекені, тигізер пайдасы көп. Бірақ пайдасымен қоса зияны да қатар жүретін ғаламтор жас ұрпақты өзіне тәуелді етуде. Қазіргі күнде   ең өзекті болып отырған   ғаламторға тәуелділік мәселесін көтеріп, күллі адамзатқа ой салу мақсатында  Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназияның «Жас Ұлан» жасөспірімдер ұйымы бейнефильм түсірді. Қарап отырған әрбір адам бейнефильмнен өзін көріп қалуы ғажап емес. Жаңа ғасыр дертіне айналған ғаламторға тәуелділік мәселесін   бірлесе