Іс-шаралар - КГУ "Гимназия №1 имени Алихана Бокейханова отдела образования акимата города Тараз" https://1-taraz.mektebi.kz/ ru Іс-шаралар - КГУ "Гимназия №1 имени Алихана Бокейханова отдела образования акимата города Тараз" DataLife Engine Положение https://1-taraz.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/812-polozhenie.html https://1-taraz.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/812-polozhenie.html ]]> ]]> admin Thu, 29 Sep 2022 10:52:05 +0600 ПЛАН руководства и контроля гимназии №1, на сентябрь месяц 2022-2023 уч.год https://1-taraz.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/801-plan.html https://1-taraz.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/801-plan.html ]]> ]]> admin Fri, 09 Sep 2022 14:02:17 +0600 Ерлік сағаты https://1-taraz.mektebi.kz/main/763-erlk-saaty.html https://1-taraz.mektebi.kz/main/763-erlk-saaty.html

26 сәуір күні Оңтүстік өңірлік әскери бөлімшесінің полковнигі - А.И.Жусупов пен подполковник Э.О.Жумашеваның қатысуымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығы және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына орай Әлихан Бөкейханов атындағы №1гимназияның 10-сынып оқушыларына ерлік сабағы өткізілді. Ерлік сабағында әскери өмірдің қызығы мен қиындығы, Отан алдындағы азаматтық борыш, патриоттық сезімді арттыру жайлы дәріс беріліп, танымдық бейнежазбалар көрсетілді. 

Әр азамат туған елінің өткені мен бүгінін біле отырып, болашаққа қадам басады. Болашаққа рухани мәдениетімен қатар ұрпағының ұлттық қасиеттерін сақтауда тарихын үлгі етеді. Ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін тарихи оқиғалардың баса ауқымдысы –Ұлы Отан соғысы. Отанын жаудан қорғау үшін көпұлтты кеңес халқының ішінде қазақ халқы ерекше ерлігімен жауға қарсы тұрды. «Ерлік  - елге  мұра, ұрпаққа ұран » демекші, ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес!

Мемлекетіміздің кең байтақ жері, оның қойнауындағы мол қазынасы, көлі мен тауы, шөлі мен нуы – халқымыздың игілігіне жарататын, атадан балаға мирас етіп қалдыратын баға жетпес байлығы. Сол «елім, жерім», деп еңіреген ерлердің арқасында ұланғайыр жерге иеміз. Осы жерімізді қорғап, қызғыштай қорып, байлығын игеріп, халық қажетіне жарату ол осы қазір ғұмыр кешіп жатқан ұрпақтың еншісінде. Қазақ ұлын да, қызын да жастайынан ержүрек те батыл, тура да шыншыл, намысқой етіп тәрбиелеген. 

Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, айтылған құнды ақпараттар үшін қонақтарға ризашылықтарын білдірді. 

Отанды қорғау – абыройлы міндет, әр азаматтың қасиетті борышы.

]]>

admin Wed, 27 Apr 2022 11:56:16 +0600
Наурыз мейрамы https://1-taraz.mektebi.kz/main/738-nauryz-mejramy.html https://1-taraz.mektebi.kz/main/738-nauryz-mejramy.html

22 наурыз - Ұлыстың ұлы күнi. Наурыз – жер шуаққа кенелетін жыл басы. Бұл күнi күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да жаңарады. Қазақтың сайын даласын Қыдыр ата кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды.  Бұл күні адамдар бір-біріне деген реніштерін тарқатып, төс қағыстырады. Наурыз мейрамын бүкіл ел болып атап өтіледі. Ағаштар отырғызылып,  ұлттық ойындар  ойнатылады. Жеті түрлі дәмнен «Наурыз көже» әзірленеді. Наурыз мерекесін қазақ халқы «Армысың, Әз-Наурыз», «Әз болмай, мәз болмас» деп қарсы алған. 

Елбасы наурыз айының 22 жұлдызын "Наурыз мейрамы" деп жариялады. Ал 2009 жылдың 24 сәуірінде ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев наурыз айының 21, 22, 23 күндеріне "Наурыз мейрамы" деген атақ берді. Наурыз - табиғаттағы бар тіршілік оянып, жер дүние нұрға бөленетін ғажап мейрам.

                                                                                                6  «Б» сынып оқушысы

Бейбіт Каусар  

admin Fri, 18 Mar 2022 09:27:22 +0600
1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні https://1-taraz.mektebi.kz/main/740-1-nauryz-dniezhzlk-azamatty-oranys-kn.html https://1-taraz.mektebi.kz/main/740-1-nauryz-dniezhzlk-azamatty-oranys-kn.html

Адам өмір бойы әр түрлі қауіп-қатерге кездеседі, сол себебті өмір сүруге, медициналық қызмет алуға, азаматтық қорғанысқа, қауіпсіздікке, болуы мүмкін қауіп-қатерлер туралы мәлімет алуға, қауіп-қатерлер орын алған жағдайда, оның зардаптарынан және басқа да төтенше жағдайлардан қорғалуға құқылы. 1972 жылдың наурыз айында Азаматтық қорғаныстың халықаралық ұйымы құрылып, Қазақстан Республикасы 1997 жылдың қазан айында тәуелсіз мемлекет ретінде Азаматтық қорғаныстың халықаралық Ұйымының қатарына қосылды. Әр жыл сайын 1 наурыз Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс күні болып аталып өтіледі. Соған   сәйкес гимназиямызда да бірыңғай тәрбие сағаттары өткізіліп, балалар маңызды ақпараттармен таныстырылды.                                                                          

                          6 «Б» сынып оқушысы

Әбілда Әйгерім

admin Tue, 01 Mar 2022 09:32:46 +0600
Алғыс айту – парызым https://1-taraz.mektebi.kz/main/736-alys-ajtu-paryzym.html https://1-taraz.mektebi.kz/main/736-alys-ajtu-paryzym.html

2016 жылдың 14 қаңтарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін «Алғыс айту күні» деп жариялаған болатын. Бұл – Қазақстан халқын біріктіруге бағытталған, еліміздің тарихына құрмет көрсетіп, барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын мереке. Азаматтардың бір-біріне құрмет білдіретін күні. Көктемнің алғашқы мерекесі болып табылатын атаулы күн – мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен ыстық ықыласының жарқын символы. Гимназиямызда «Алғыс айту – парызым» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.               

6 «Б» сынып оқушысы

Бағдат Медина

admin Tue, 01 Mar 2022 09:21:35 +0600
Отанды қорғау – әр азаматтың парызы https://1-taraz.mektebi.kz/main/731-otandy-orau-r-azamatty-paryzy.html https://1-taraz.mektebi.kz/main/731-otandy-orau-r-azamatty-paryzy.html

10 ақпан Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназиямызда 2005 жылы туылған ұл балаларға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәліктері берілді. Іс-шараға Ауған соғысының ардагерлері - Букша А.И, Избасаров К.М. және Тараз қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқарма инспекторлары - Пак Ю.А., Аляева Н.Г. қатысты. Ардагерлер Ауған соғысының ақиқаты жайлы сыр шерте отырып, бейбітшілік үшін күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрқашан есте сақтауға щақырды. Шараға қатысқан оқушылар арнайы куәліктерге ие болып қана қоймай, Отанды құрметтеу, еркіндіктің қадірін білу, ұлтжанды болудың маңыздылығын түсінді. 

Қазақстан биыл тәуелсіздігінің отыз жылдығын  атап өтті. Мемлекетіміз өз еркімен ешқандай елге соқтыққан емес, мақсаты – бейбітшілік. Бірақ, мықты мемлекет үшін мықты әскери база, қорғаныс қажет. Әрбір азамат қажет жағдайда, қасиетті Отанын қорғауға қашанда дайын болуы керек. Біз осыны келер ұрпаққа ұғындыруымыз керек. Ата-баба аманатына сай ұл-қыз болайық. Ел болашағы – біздің қолымызда. Ұлтын, елін, Отанын сүйген жүрек ешқашан аяғын шалыс баспайды.

6 «Б» сынып оқушысы

Аязбай Камила

admin Fri, 11 Feb 2022 18:20:14 +0600
Итоги областного дебатного турнира https://1-taraz.mektebi.kz/main/688-itogi-oblastnogo-debatnogo-turnira.html https://1-taraz.mektebi.kz/main/688-itogi-oblastnogo-debatnogo-turnira.html
Учащиеся 9 класса Ташметова Ситора и Сугургали Айару приняли участие в областном дебатном турнире. По итогам областного турнира фракция "Феникс" заняла почётное 2 место. Ташметова Ситора была удостоена звания "Лучший спикер". Поздравляем! Молодцы!]]>

admin Sat, 05 Feb 2022 11:50:22 +0600
Қыс ғажайыптары https://1-taraz.mektebi.kz/main/728-ys-azhajyptary.html https://1-taraz.mektebi.kz/main/728-ys-azhajyptary.html

Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. 

Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген қар айналаға сән бергендей. Әркім бұл мезгілді асыға күтеді. Бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бір бөлек әңгіме. Қолдарына шана сүйреген балалар, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады.

24-26 қаңтар аралығында гимназиямызда «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жоспарына сай, 

1,2-сынып оқушылары арасында "Қыс ғажайыптары" тақырыбында  сурет көрмесі ұйымдастырылды. 

Оқушылардың қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту, көркемдік талғамдарын, ой-қиялдарын дамыту. Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу мақсатында өткізілген көрмеде, гимназия оқушылары белсенділік танытты.

Аталған сурет көрмесіне "Жас Қыран" мүшелері де белсене қатысып, түрлі техникалар көмегімен салынған суреттерін ұсынды. Гимназия оқушыларының шығармашылық қабілеттері шыңдала түссін!

admin Fri, 28 Jan 2022 18:00:03 +0600
Итоги городского дебатного турнира https://1-taraz.mektebi.kz/main/686-itogi-gorodskogo-debatnogo-turnira.html https://1-taraz.mektebi.kz/main/686-itogi-gorodskogo-debatnogo-turnira.html

Ученица 9 «г» класса Ташметова Ситора и ученица 9 «д» класса  Сугургали Айару приняли участие в дебатном турнире «Ұшқыр ой алаңы». Целю Турнира является формирование казахстанского патриотизма и гражданственности подрастающего поколения; воспитание у школьников чувства ответственности, причастности к обсуждению и решению проблем родного края и страны; развитие, популяризация и поддержка школьного дебатного движения в республике. В городском турнире фракция «Феникс» заняла 2 место и получила возможность принять участие в областном дебатном турнире.

 Поздравляем!

admin Wed, 26 Jan 2022 11:49:23 +0600