21
сентябрь
2019
Живое общение с профессией
20.09.2019 күні Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназияның 8 «Ә» сынып білім алушылары директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Чекирда Е.С. және сынып жетекшісі Естаев Д.Е. басшылығымен «Zhanuya» күндізгі стационар емдеу орталығына экскурсияға барды.
Экскурсияның мақсаты: Білім алушылардың болашақта кәсіби мамандық таңдауына дұрыс ықпал жасау және таңдаған мамандықтың қыр-сырымен таныстыру.
Экскурсия барысында «Zhanuya» күндізгі стационар емдеу орталығының бөлім меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер-терапевт Қалыбаева Азиза Сейткуловна емхананың құрылымдық бөлімдерімен сондай-ақ, медициналық кабинеттерімен таныстырды. Ары қарай сала мамандары өз кабинеттерін көрсетті. Атап айтар болсақ, дәрігер-терапевт Естаев Думан Естайұлы емделушілердің хал-жағдайы туралы баяндады. Ал физ.кабинет меңгерушісі Сыдыкбаева Жанат білім алушыларға өз мамандықтары жайлы толық мағлұмат берді.. Сұхбаттасу кезінде оқушылар эксурсияның мазмұнды және тартымды болғанын атап өтті. Болашақта осында кәсіпке баулу мақсатында көптеген экскурсиялар ұйымдастырылса деген игі тілектерін де айтып қалды. Біздің мектеп ұжымы осындай қызықты әрі сапалы экскурсия ұйымдастырғаны үшін емхана қызметкерлеріне алғыс айтты. Мамандықты дұрыс таңдау –болашақ кепілі.