27
сентябрь
2024
Мектепішілік ата-аналар жиналысы
27.09.2024 жылы
“Жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алудағы ата-аналардың рөлі” тақырыбында 5 сынып оқушыларының мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыс мақсаты: Ата-аналардың баланың алдындағы жауапкершілігін арттыру, құқық бұзушылықты болдырмау.
Жиналыста құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша директордың құқықтық тәрбие ісі орынбасары Ибрагимов Т.А. баяндама жасады. Мектеп психологтері
Әлмұратова Б.Б., Сахиева С.В. мектептегі буллинг тақырыбы бойынша ата-аналарға тренинг ұйымдастырды. Өз кезегінде Тараз қаласының бөлім прокуроры Қасымбеков Б.А. негізгі мектеп жасындағы жасөспірімдер жасайтын құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы және салдары мен күресу жолдарына тоқталды. Ата -аналардың назарына қоғамды толғандыратын түрлі бейнематериалдар көрсетілді. Директордың оқу-тәрбие ісі орынбасары Естаев Д.Е. ағымдағы оқу жылының басындағы оқу процесінің ерекшеліктері мен өзгерістеріне оның ішінде ағымдық бағалар, сабақты босату т.б. ақпараттандырды.