Абай – дана, Абай – дара қазақта
«Абай - әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»
Тұңғыш Елбасы Н.Ә. Назарбаев
Биыл, 2019 жылы ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын тойлауға арналған шаралар өткізілуде. Дана ойшылдың мерейтойын ЮНЕСКО мен ТҮРКСОЙ аясында атап өту жоспарланды. Сол жоспар бойынша Әлихан Бөкейханов атындағы № 1 гимназиясында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Абай – дана, Абай – дара қазақта» тақырыбында декабрь айының 13 жұлдызында «Абай күнін» атап өттік. Шараның басты мақсаты – өскелең ұрпаққа тағылым ретінде Абайдың рухына тағзым ету, Абайдың рухани құндылықтарын көрсете отырып, ұлы ақынның мұрасын жастардың санасына сіңіру. Іс-шараға мұғалімдер, оқушылармен бірге ата – аналар да белсене қатысты. Ата –аналар Абай аавгустдың өмірінен дайындалған, қазақ және орыс тілдерінде гимназияның жүгіртпе жолында берілген сұрақтарға жарыса жауап берісті. «Абай күніне» кітап көрмесі және «Абайдың жарқын бейнесі» атты Абайдың портретін салудан байқау өтті. «Абайтану» курсынан 10-11 сынып оқушылары арасында «Брейн-ринг» ұйымдастырылды. «Абай әлеміне саяхат» тақырыбында үш тілде сынып сағаттары мен сыныптан тыс шаралар да өткізілді.
Күнді мұғалімдер мен оқушылардың қатысуымен әдеби– сазды кеш толықтырды. Абайдың тәлім-тәрбиеге толы қара сөздерін, өлеңдерін гимназия оқушылары үш тілде мәнерлеп оқып, көрермендердің көзайымына айналса, «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай» әндерін шырқап, көрермендердің зор қошеметіне бөленді. Абай аавгустдың жаратылыстың жайдары жазын, түсі суық тұманды күзін, не болмаса сақылдаған аязы мен қарлы боранын көз алдыңа елестетін «Табиғат лирикасын» гимназия мұғалімдері нақышына келтіріп орындап шықты. Кеш Абай бейнесін көз алдымызға елестеткен әсерлі әдеби композициямен аяқталды.