1 мая – День единства народов Казахстана
1 мая Казахстан отмечает один из самых добрых и светлых праздников – День единства народов Казахстана. Это праздник дружбы, понимания и согласия, которые так необходимы для мирной жизни в стране, где проживают более 130 наций и народностей. В большую семью Казахстана входят казахи, узбеки, русские, украинцы, немцы, корейцы, уйгуры, киргизы, китайцы и многие-многие другие. Каждый из этих народов уникален, но вместе на территории Казахстана они – один дружный народ. И в этом смысл первомайского праздника.
В нашей гимназии получают знания дети разных наций. Несмотря на это, ученики хорошо ладят между собой, не делясь на национальности. Среди учеников 1-11 классов проводились единые классные часы «Единства и согласия», организовывались различные выставки.
Все наши успехи достигнуты только благодаря единству народов Казахстана, доверию друг другу, спокойствию и политической стабильности.
Ученица 6 «Г» класса
Муратова Жасмин
Қазақстан – ынтымағы мен бірлігі жарасқан ел!
"Ер татулығы - ел татулығы" демекші, Қазақстан Республикасы әлемде татулығы мен ұлтаралық бірлігі жарасқан ел ретінде танылған. Қазақстанның кең байтақ дархан жерінде жүзден астам ұлт өкілдері тату - тәтті өмір сүріп жатыр. Елімізде түрлі ұлт өкілдерінің татулық діңгегі ажыраған емес.
Біздің гимназиямызда бірлік күніне орай 1-11 сыныптар аралығында «Бірлік пен келісім» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары, «Бір шаңырақ астында» атты шығармашылық онлайн көрмесі ұсынылды.
Біз жас ұрпақ осындай кең байтақ жеріміздің көгінде тек қана бейбіт құсы қалықтап ұшып, мемлекетіміз одан әрі көркейе беруін қолдаймыз. Себебі, бейбітшілік бар жерде, бақыт орнап, тыныштық болады. Одан әрі қарай да бейбітшілік пен татулықты сақтап, ынтымақтастықты ұстап тұрсақ, ата - бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қол жеткізген Тәуелсіздігіміз де мәңгі болмақ.
Әрбір азамат туған өлкесін, елін, жерін, салт-дәстүрін, тарихын құрметтейтін, сүйетін, мақтан тұтатын болуы керек. Ол үшін өткенін біліп, бағалау керек.Барлық әлемде тыныштық орнап, бейбіт заманның ғұмыры баянды болғай! Себебі барлығымыз да бейбіт заманда өмір сүруге лайықпыз деп есептеймін. Сондықтан "Ынтымақ түбі — игілік" дегендей ынтымағы жарасқан ел болайық!
5 «Ә» сынып оқушысы
Шәкірбай Бибінұр