Кезекші сыныптардағы санитарлық нормаларды сақтау туралы түсіндірме жұмыстары
Жаңа форматтағы жаңа оқу жылында коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде гимназияда штаттық режимде: кезекші сыныптар жұмыс атқаруда. Осыған орай инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен гимназия медбикесі санитарлық талаптардың сақталуы жөнінде кезекші 1 сынып оқушылары арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Бірінші сынып оқушыларын қабылдауға биыл ерекше назар аударылған. Оны мектептегі арнайы бөлмелерге бағыттаушы белгілерден байқауға болады. Мұнда оқушының әр қадамына мән берілген. Тіпті жай белгінің орнына түрлі әріп пен таңбалар қойылған. Бір сыныптың өзі екі топқа бөлінеді. Әр топ жеке кабинетте сабақ оқиды. Ал, бүлдіршіндер отыратын парталардың арасында 1,5 метр қашықтық сақталған. Сынып бөлмелері санитайзермен қамтылған. Мектебімізде ата-анадан баланың температурасын өлшеп қабылдайды. Температурасы бар болған жағдайда ата-анамен бірге кері қайтарылады. Оқыту процесіне тоқталсақ, әр сыныпқа тек бір мұғалімнен бөлінген.
«Кезекші сыныптардың» жұмыс алгоритміне тоқталсақ:
- ата-аналар балаларды "кезекші сыныптарға" әкеледі, бірақ ғимаратқа кірмейді;
- мектепке кірер кезде баланың дене қызуы өлшенеді;
- барлық қабатта және әрбір "кезекші сыныпта" санитайзер орнатылған;
- сынып желдетіліп, тазартылып отырады;
Кезекші сыныптардағы оқыту тәртібі мен санитарлық нормаларды сақтау ережелері туралы алдағы уақытта да түсіндірме жұмыстары жүйелі жүргізіліп тұратын болады.