«Бақылаудағы бала» жобасы жүзеге асырылуда
Октябрь айының басында Құқық бұзушылықтың алдын алу құқықтық тәрбие беру кеңесінің кезектен тыс кеңейтілген отырысында Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің тарапынан әзірленіп, Тараз қалалық полиция басқармасымен келісілген жаңа оқу жылының басталуына орай кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатындағы «Бақылаудағы бала» атты жоба ұстаздарға таныстырылды.
Карантиндік жағдайда мектептер тарапынан профилактикалық іс-шаралар қашықтан жүргізілетіндіктен, жоба аясында әр мектеп бойынша күнделікті қадағалауды қажет ететін балалар тізімі қалыптастырылады. Мектеп әкімшілігі мен инспектор тарапынан аталған санаттағы балалармен профилактикалық шаралар жүзеге асырылады. Аталған іс-шараға ата-аналар қауымы да қамтылып, мектеп әкімшілігімен нәтижеге бағытталған жұмыстарды атқаруға атсалысады.