12
октябрь
2020
10 октябрь – Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша, психикалық денсаулық – бұл адамның өз әлеуетін іске асыра алатын, қарапайым өмірлік күйзелістермен күресіп, өнімді және жемісті жұмыс істейтін, сонымен қатар өз қоғамының өміріне өз үлесін қоса алатын әл-ауқат жағдайы.
Психикалық және физикалық денсаулық өзара байланысты құбылыстар. Психикамызды сақтай отырып, біз ағзаға жалпы қамқорлық жасаймыз. Өз жағдайымызға мұқият қарау керек және психикалық жайсыздыққа шағын күдік туса да, көмек пен кеңес алу үшін маманға жүгіну керек.
Осы орайда Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназияның психологиялық қызметі «Менің психикалық денсаулығым» тақырыбында 8-11 сынып оқушыларымен және олардың ата-аналарымен онлайн – кездесу өткізді.