МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР-ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР-ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ
Журналистика үйірмесінің ұйымдастыруы бойынша 15-22 январь аралығында «Государственные символы – ұлт мақтанышы» тақырыбындағы шығарма байқауында 5 «б» сынып оқушысы Төребек Томирис бас жүлдені иеленді. «Лучший» деп танылған жұмысты сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмын.
Әрбір мемлекет үшін отаншылдық рухта тәрбие беру әрбір азаматтың мемлекетімізге, оның даңқты да қиын тарихына, алдағы болашағына өзінің қатысты екендігін сезініп, еліміздің мұң-мұқтаждарын ойлануынан басталады.
Егеменді елдің әрбір азаматы құрметтеуге, мақтаныш етуге тиісті ресми рәміздері бар. Біздің мемлекетіміздің рәміздері - Ту, Елтаңба, Гимн.
Государственные символыімізге шетелдік мамандар жоғары баға берген, сонымен қатар рәміздеріміз әлемдік каталогқа енген. «Ел тәуелсіздігі» мен «мемлекеттік рәміздер» егіз ұғым.
Кез келген елдің тәуелсіздігін оның мемлекеттік рәміздерінен бөліп қарауға болмайды. Жас мемлекеттің жас астанасында және бүкіл республика аумағында елдің елдігін танытатын, отаншылдық пен патриоттық рухты оятатын, әр жүректе мақтаныш сезімін тудыратын нышандар өз дәрежесінде көрініс тауып отыр.
Государственные символыдің зор тәрбиелік мән-мағынасы бар. Жай ғана мысал, Олимпиада ойындарындағы өз спортшыларымыздың жеңісі кезіндегі мемлекетіміздің көк байрағының желбіреуі - әрбір азамат үшін зор мақтаныш тудырады. Сонымен қатар мемлекеттік рәміздердің ұлттық патриотизмді және жалпы қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы қызметі, орны ерекше.
Қазақ халқы кіндік қаны тамған туған жерін ерекше қадірлейді. Сондықтан да халқымыз Отанын, өз халқы, өз тілін, өз мемлекетінің рәміздерін, салт-дәстүрін жүрекпен сүйе білген, әрі ұрпағын да соған тәрбиелеген.
Қорыта келгенде, еліміздің ежелден аңсаған Тәуелсіздігіне қол жеткізіп, қазақ ұлтының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының қайта жаңғыруы, мемлекеттік рәміздердің бекітілуі болашақ дамуға бет алған егемен еліміз үшін ерекше құбылыс. Сондықтан мемлекеттік рәміздерді қастерлеу – әрбір Қазақстан Республикасы азаматының қасиетті борышы деп білемін.