Жамбылская область білім басқармасы
Коммунальное государственное учреждение
"Гимназия №1 имени А Бокейханова "
отдела образования города Тараз
Приемная
+7(7262) 43-34-92
Бухгалтерия
+7(7262) 43-29-21
Версия для
слабовидящих
» » Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне саяхат
11
март
2021

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне саяхат

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне саяхат

Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы және "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласына сәйкес ұлттың рухани, тарихи-мәдени жаңғыруына бағытталған Тараз шаһарының орталығында "КӨНЕ ТАРАЗ" тарихи-этномәдени кешенінде Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі ашылған болатын. Обылысымыздың тарихи-мәдени мұрасымен таныстыру үшін гимназия оқушылары арасында аталған кешенге экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия мақсаты - өлкетану музейі арқылы жас ұрпақты патриоттыққа, өз Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, оның мәдениеті мен құндылығын қастерлеу, өткен тарихын насихаттау.

    «Облыстық тарихи-өлкетану музейіндегі» жәдігерлер балалардың қызығушылығын тудырды. Мыңжылдықтардың куәсі, киелі өлкенің руханиятын оятып, рухын асқақтатқан, мерейін өсіріп, мазмұнын арттырған «Көне Тараз»  тарихи-этномәдени кешені - өскелең ұрпақтың мақтанышы болары сөзсіз.