«ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ БІЗ»
2021 жылдың 26-30 сәуір күндері аралығы "Экологиялық білім берудің жалпыреспубликалық апталығы" болып жарияланды.«Біз болашаққа жауаптымыз» атты республикалық апталықтың мақсаты-адамның табиғатпен байланысы туралы негізгі түсінікті қалыптастыру, экологиялық мәдениетті, салауатты өмір салтын қалыптастыру, өмірдің мәні мен экологиялық проблемаларды түсіну негізінде жеке қасиеттер ретінде моральдық және экологиялық жауапкершілікті қалыптастыру болып табылады.
Апталық жоспарына сәйкес гимназия кітапханасында «Табиғат туралы не білеміз?» кітаптар көрмесі мен «Жер – біздің ортақ үйіміз» бейнеролигі ұйымдастырылды. Көрмеден Қазақстанның өсімдіктер мен жануарлар дүниесі туралы танымдық әдебиеттер, «Сен білесің бе?» топтамасымен шыққан көркем суретті кітапшалар және «Экология және біз» атты материалдар топтамасы орын алды. Сондай-ақ, «Экологиялық апат», «экожүйе» ұғымдарына түсінік беретін Арал экологиясы, Семей полигоны туралы материалдар топтамасы мен «Қызыл кітап және оған енген жануарлар мен өсімдіктер дүниесі туралы мәліметтер жинақталды.