«BOOKCROSSING» акциясы
Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназия оқушылары арасында «Буккросинг – бірге оқимыз: кітаптың айналыста жүруі» акциясы ұйымдастырылды. Оқушылар өздері оқыған қызықты шығармаларды өзгелермен бөлісу мақсатында кітаптарды айналымға енгізіп, оқырмандар арасында кеңінен насихаттауға мүмкіндік жасады. «Сыйлыққа кітап» акциясы аясында «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы ұйымдаса отырып, гимназия кітапханасына кітаптар сыйлады. Акцияларға қатысқан оқушылар барынша белсенділік танытты. Бұл іс-шаралар алдағы уақытта өз жалғасын тауып, білім алушылардың кітап оқуға деген құштарлығын арттырары сөзсіз.
Kitap.kz сайтында 5 мыңнан астам кітапты оқу және тыңдау платформалары бар.
Мамандар кітап оқуда мынадай кеңестерді ата-аналарға ұсынады:- Кітап күнделікті өміріңіздің ажырамас бөлігіне айналуы керек.
- Ата-анасы 10-15 минут бос уақыты пайда болған кезде балаларына дауыстап оқып беретін бірнеше кітаптың болғаны дұрыс.
- Жергілікті кітапханада оқырман билетін аштырыңыз. Балаңызды ертіп, кітапханаға барыңыз. Бірге уақыт өткізу, бірлесіп кітап таңдау сіздерді жақындатып қана қоймай, балаңыздың қандай тақырыптарға көбірек қызығатынын білуге мүмкіндік береді.
Қазіргі заманның талабы өте өзгеше. Өткені біздің қазіргі мақсатымыз 30 озық елдің қатарына кіру. Ал осы алып мемлекеттердің арасында жырқырап тұру үшін аянбай еңбек етіп,білім жолында тер төгуіміз керек. Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев «ХХІ ғасыр – мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Бар білімнің қайнар көзі – кітапта» деген болатын. Сондықтан, кітап – озық елдің қатарына кірудің басты кілті деп ойлаймын.