Цифрландыру – бүгінгі білім берудегі негізгі бағыт » КГУ "Гимназия №1 имени Алихана Бокейханова отдела образования акимата города Тараз"
Коммунальное государственное учреждение
«Гимназия №1 имени Алихана Бокейханова»
отдела образования города Тараз
управления образования акимата Жамбылской области
Приемная
+7(7262) 43-34-92
Бухгалтерия
+7(7262) 43-29-21
Версия для
слабовидящих
» » Цифрландыру – бүгінгі білім берудегі негізгі бағыт
12
март
2022

Цифрландыру – бүгінгі білім берудегі негізгі бағыт


Цифрлық қоғам – қоғамның тіршілік қызметінің барлық саласында білім мен ақпарат рөлінің басымдығымен ерекшеленетін, АКТ адамдардың тұрмыс-тіршілігіне, олардың білімі мен жұмысына, сондай-ақ мемлекеттің, кәсіп пен қоғамның өзара іс-қимылдарына шешуші әсер ететін өркениеттің қазіргі заманғы даму кезеңі.

       Бүкіл әлем цифрлы технологияларды дамытып жатқаны бекер емес. Ал Google6 SpaceX, Facebook сынды корпорациялар ұшқышсыз ұшақтарын көкке ұшырып, тегін интернет таратуды жолға қойып отыр.

      «Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл  маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Осыған орай елімізде «Цифрлық Қазақстан» жобасы іске асырылу қолға алынды. Жаңа индустриялар қалыптастырудың маңызды шарты ғылыми-техникалық инновацияларды қолдау, оларды әлеуметтік-экономикалық өмірімізге тезірек енгізуде жаңа биіктікке және жеңіске ұмтылуымыз қажет. Цифрландыру қазіргі таңда ақпараттандыруды, автоматтандыруды, роботтандыруды және жасанды ақылды қоғамға енгізудің үздіксіз түрленетін, динамикалық өзгерістерге ұшырайтын, масштабталатын және ықпалдасуға бейімделетін қасиетімен ерекшеленеді. 

        Цифрлық қоғам мыналардан тұрады: Цифрлық тұлға (Қазіргі уақытта әрбір тұлғаның мобильді интернет байланысы, мобильді «жұмыс орны», "Зат интернеті" дүниесі мен кез келген орында әрі кез келген уақытта қолжетімді мобильді цифрлық банкісі болатындығы қолжетімді шындық), Цифрлық топтар (аудио-, видео-, конференциялық байланыс сынды мобильді қосымшалар, интерактивті онлайн өзара іс-қимыл, жобаларды құруға, жобаларды басқаруға арналған топтың құралдары және топтық шешімдер қабылдау жүйесі), Цифрлық ұжым (Интернеттегі онлайн өзара іс-қимылдың виртуальды құралы, Интернетте ұжымды басқарудың және әкімшілеудің жүйесі), Цифрлық қоғамдастық (қоғамдастыққа арналған қорғалған мобильді әлеуметтік желі); Мобильді интернеттік технология (смартфондар, планшеттер, 3G WiFi, 4G WiFi, 5G WiFi бар мобильді құрылғылар) және т.б

    Қорыта айтатын болсам, біздің цифрландыруға көшуіміздің өзі болашағымыздың өзі осы цифрлық дүниелермен, медиалық нысандармен қамтылатынының дәлелі. Болашақта біздің еліміз толықтай жаңа бағдарламаны игергенде оқу яғни білім беру жүйесі жеңілдеп, адам қажеттіліктері азайып, тұлғалар қатынасымен жасалатын іс-әрекеттерді роботтар жасап, адам солардың барлығын ақыл жүйесімен басқаратын болады, болашақта адамның физикалық әрекеті емес ойлау жүйелігі нысанға алынып, орындалатын амалдардың барлығы тек адамзаттың басқарып қана тұруымен өзгермек. Информация алмасуда, тіпті саяси жүйеде цифрландыру кезінде өзгеріске ұшырамақ, ақпарат алуымыз қазіргіденде жылдамдап, ашық дерек көздері молайып, білім беру дамуы үшін барлық ресурстар қолжетімді болмақ. Бұл біздің қазіргі заманымыз келбетіндегі болашағымыз. Қазір цифрлық жүйелерге толықтай көшпесек те, болашақта қазіргі бейнеміз одан әрі дамып, жаңа жобалы нәтижелер бізді күтуде. Болашақ  жарқын  болмақ! 


Информатика пәні мұғалімі: Ерпаизова Күләнда Еділқызы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив