17
ақпан
2023
ҚАЗАҚСТАНДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР ҮШІН ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ ЖӨНІНДЕГІ СТАНДАРТ ЖАҢАРТЫЛАДЫ
ҚАЗАҚСТАНДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР ҮШІН ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ ЖӨНІНДЕГІ СТАНДАРТ ЖАҢАРТЫЛАДЫ 📌Жаңартылған стандарт мүмкіндігі шектеулі пайдаланушылар үшін веб-ресурстарды қалай қолжетімді ету керектігі туралы нұсқауларды белгілейді. Қол жетімділікті қамтамасыз ету визуалды, есту, физикалық, сөйлеу, танымдық, тілдік, неврологиялық шектеулер мен оқудағы қиындықтарды қоса алғанда, көптеген шектеулерді ескере отырып жасалады, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігі. 📌Жаңа стандарттағы барлық принциптерді сақтау веб-ресурстардағы жасы ұлғайған сайын қабілеттері өзгеретін егде жастағы пайдаланушылар үшін де қолжетімді етеді, сонымен қатар кейбір жағдайларда барлық пайдаланушылардың мазмұнды пайдалануын жақсартады. 📌«Бүгінгі таңда мүгедектігі бар адамдар үшін ақпараттың қолжетімділігі жөніндегі талаптарға сай келмейтін ақпараттық ресурстар, сайттар бар екені жасырын емес. Біздің міндетіміз осы сын - тегеуріндерге жауап беретін және осындай мүмкіндіктер беретін стандарттарды кезең-к