Отанды қорғау – әр азаматтың парызы
10 февраль Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназиямызда 2005 жылы туылған ұл балаларға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәліктері берілді. Іс-шараға Ауған соғысының ардагерлері - Букша А.И, Избасаров К.М. және Тараз қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқарма инспекторлары - Пак Ю.А., Аляева Н.Г. қатысты. Ардагерлер Ауған соғысының ақиқаты жайлы сыр шерте отырып, бейбітшілік үшін күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін