«Қос ішектің күмбірі»
Қазақ халқының асыл мұрасы – кдомөнері. Өз заманында жарыққа шыққан қазақ күйлері халқының күнделікті өмірімен біте қайнасып, ауыздан-ауызға тарап, қолдан-қолға көшіп біздің заманымызға жетті. Халқымыз жан сарайының көңіл күйі мен асыл арманын, қоғамға деген көзқарасын домбыраның қос ішегі арқылы жеткізе білді. Кдомжанрының басқа өнер саласынан ең басты айырмашылығы – адам баласы ауызбен айтып, бояумен бейнелеп бере алмайтын табиғаттың тылсым сыры мен сұлулығын музыка ырғағымен үндесе білуінде.