«Қазақ даласының қайсар қызы»
Сұрапыл соғыс жылдарында жаратылысы нәзік болса да, сайдың тасындай сарбаздардан кем түспей, қайтпас қайсар қайратымен қан майданда ерлік көрсеткен қазақтың батыр қыздарының есімдері ел есінде. Солардың бірегейі, қазақ қыздарының арасынан тұңғыш рет Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған пулеметші – Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова. «...Ерліктің қос қанаты деп білем мен, Аяулы Әлия мен Мәншүгімді» деген әнді қосыла шырқаған әрбір қазақ қызы қос батыр апаларының ерлігіне сүйсіне өскен. Ерліктің