29
август
2019
Августовская конференция педагогов
ТАМЫЗДЫҢ ТАМАША ТАРТУЫ
26 август күні Тараз қаласында Жамбыл облысы білім саласы қызметкерлерінің қатысуымен "Keleshekke-kemel bilimmen" тақырыбында облыстық август конференциясы болып өтті. Аталмыш конференцияда Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов облысымыздағы білім беру саласына үлкен үлес қосып келе жатқан педагогтарды, соның ішінде 140 жылдық тарихы бар Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназияның математика пәні мұғалімі, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гусева Анастасия Алексеевнаны "Облысқа сіңірген еңбегі үшін" арнайы төсбелгісімен салтанатты түрде марапаттады.
Ал, қалалық август конференциясында қала әкімі Қайрат Әскербекұлы Досаев мектебіміздің білім беру саласындағы жылдық жетістіктеріне сәйкес гимназия директоры Қызылғұлова Ләззат Әбілдақызын және гимназия ұжымын Алғыс хатпен марапаттап, 10 ноутбук сертификатын сыйға тартты. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Маханова Әсем Нұрғалиқызына Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың арнайы Құрмет грамотасы табысталды. Қалалық мәслихат гимназиямыздың ұлағатты ұстаздарының бірі Абдуанова Мәдина Оразбекқызын білім беру саласындағы көп жылғы жемісті еңбегі, балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу жұмысына қосқан үлкен үлесі үшін Алғыс хатпен марапаттады.
Осындай жоғары жетістіктерге жеткен ұстаздарымызды мақтан етеміз. Ұлағатты ұстаздарымыздың мәртебесі әрқашан биік болып, беделі арта берсін!