Тәуелсіздік –мәңгілік елдің тұғыры!
1991 жыл 16 декабрь – Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған күні. Биыл тұғыры биік тәуелсіздігімізге 28 жыл толып отыр.
14 декабрь күні тәуелсіздік мерекесіне орай, дәстүрлі мектепішілік мерекелік іс-шара болып өтті. Ең алдымен құттықтау сөз гимназия директоры Қызылғұлова Ләззат Әбілдақызына берілді. Тәуелсіздік күні біз үшін ерекше мереке, сол себепті оқушылар бұл мерекені жоғары деңгейде атап өту үшін бар күш-жігерлерін аямады. Оқушылар ән салды, күмбірлеген кдомтартып, бишілеріміз мың бұрала би биледі, жоғары сынып оқушылары Қайрат Рысқұлбековтың рөлін сомдап, декабрь оқиғасын еске салды.
2019 жыл – Жастар жылына орай, Ләззат Әбілдақызы белсенді жұмыс атқарған жас мұғалімдерді арнай алғыс хаттармен марапаттады. Кеш соңында көрермендер қимастықпен қоштасты.
Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы, айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай!