Адал ұрпақ-жарқын болашақ кепілі
Адалдық - адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана-сезімі мен ар-ұжданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық-этикалық жиынтығы. Қазақ пайымында адам бойында адалдық пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді қасиеттердің қалыптасқан нормаға сай болуы керек. Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінде көп айтылады.
2019 жылдың 19 декабрьында гимназиясында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Төлебаев Равиль Қуанышбайұлы, Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері Алиева Марина Гусеевна және гимназияның "Адал ұрпақ" еріктілер клубы мүшелерінің қатысуымен "Адал жол" атты іс-шара өткізілді. Жас ұрпаққа адалдық, парасаттылық құндылықтарын сіңіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды мақсат еткен іс-шара барысында оқушылар белсенді ой қозғап, парасатты тұлға қалыптастырудың маңыздылығына тоқталып, өз тұжырымдарын ортаға салды.