Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!
Абай-қазақ халқының ұлы перзенті, ақын, дарын иесі. Абайдың өнегелі өмірі, әрбір ұланның жүрегінде мақтаныш сезімін ұялатады. Абайдың әр сөзі білген адам үшін өнеге, өсиетке толы.
Ақыл-ой ақындықтың киесі-Абай!
Түгел сөздің түбі бір жүйесі-Абай!
Адалдық, ар ұяттың данышпаны
«Өлең-сөздің патшасы» иесі Абай!, демекші «Абай Құнанбаевтың – 175 жылдығына» орай, бастауыш сынып әдістемелік бірлестігі апталығында 2 сыныптар арасында «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе....» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайыс 2 кезеңнен тұрды. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» кезеңде сайыскерлер ақынның кез-келген өлеңін мәнерлеп оқып, жатқа орындады. «Абай айтқан асылдар» кезеңінде қатысушы сайыскерлер ақынның «Қара сөздерін» баяндады.
Сайысқа барлығы 20 оқушы қатысты. Сайыста белгіленген кезеңдер бойынша жеңімпаздар анықталып, марапатталды. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» кезеңі бойынша 1 орынды 2 «Б» сынып оқушысы Қанай Бекнұр, 2 орынды 2 «Ғ» сынып оқушысы Көреген Кәусар, 3 орынды 2 «Б» сынып оқушысы Ауғанбай Дария иеленсе, «Абай айтқан асылдар» кезеңі бойынша 1 орынды 2 «Ә» сынып оқушысы Құрманбекова Дидар, 2 орынды 2 «А» сынып окушысы Хорошийлық Бектұрсын, 3 орынды 2 «Б» сынып оқушысы Ахмет Алинур иеленді.
Абай сөзімен айтқанда, «адам болам десеңіз", Абай жолымен жүріп,ата баласы емес, адам баласы болып, адамгершілік пен ізгілік қасиеттерін бойға сіңіре беріңіздер...