Қыз-болашақ ана » КГУ "Гимназия №1 имени Алихана Бокейханова отдела образования акимата города Тараз"
Коммунальное государственное учреждение
«Гимназия №1 имени Алихана Бокейханова»
отдела образования города Тараз
управления образования акимата Жамбылской области
Приемная
+7(7262) 43-34-92
Бухгалтерия
+7(7262) 43-29-21
Версия для
слабовидящих
11
январь
2020

Қыз-болашақ ана


Мектеп жасындағы қыз балалар тәрбиесін негізінен үш кезеңге бөлуге болады. Бастауыш сыныптар кезеңіндегі тәрбиенің мақсаты - тазалыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа үйрете отырып, баланың көп білуге құштарлығын арттыру, кітап оқу мәдениетін дамыту. 5-8 сыныптар арасында алғашқы кезеңдегі тәрбие түрлері ары қарай дамытыла түседі. Бұл тұста, жас ерекшелігіне қарай, қыз бала анасынан ешнәрсе бүкпейді. Сол шыншылдығы мен ашықтығын пайдаланып, қыз баланың келешегіне ең керекті нәзіктік, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу - басты борыш.Үшінші кезең 9-11 сыныптарды қамтиды. Бұл аралықтағы тәрбие алдыңғы кезеңдермен тығыз байланысты.Сондықтан әрбір қыз балаға ата - анасын, туыстарын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз.

Гимназиямызда 20 январьда 8-10 сыныптарда оқитын барлық қыз балалармен «Қыз Жібек» клубының жетекшісі, педагог-психолог Бақытжамал Бақытжанқызы Әлмұратова кезектен тыс отырысын өткізді. Сонымен қатар,отырысқа Тараз қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Ким Светлана Валерьевна, педагог-психолог Сахиева Светлана Владимировнаның қатысуымен қыз тәрбиесінің өзектілігі жан-жақты талқыланды.Тек өз ұлтын, тілін сүйіп, қастерлейтін адам ғана ата - ананы, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық, мейірбандық, инабаттылық сияқты ізгі қасиеттердің иесі бола алады.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив