Отбасы – бақыт мекені
Отбасының әр адамның өміріндегі маңызы зор. Жанұяда алған тәрбие - барша тәрбие атаулының алтын қазығы. Әрбір бала мектептегі білім мен тәрбиені отбасындағы тәрбиемен ұштастыра алса тұғыры берік болары сөзсіз. Сондықтан да тәрбие саласында отбасы мәселесіне көп көңіл бөлінері анық.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Қазақстанда Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде 2020 жылғы 14 - 21 сентябрь аралығында «Отбасы – бақыт мекені» атты республикалық апталық өткізілді. Республикалық апталық аясында Ә. Бөкейханов атындағы №1 гимназияда да біршама іс-шаралар қашықтықтан атқарылды. Атап айтатын болсақ, гимназия бойынша бірыңғай отбасы тақырыбында онлайн форматта тәрбие сағаттары, виртуалды сурет көрмесі, қашықтықтан эссе жазу байқауы, бейнероликтер челленджі ұйымдастырылды.