«Мың бала» байқауының жеңімпаздары марапатталды
«Мың бала» байқауының жеңімпаздары марапатталды
«Рухани жаңғыру» бағдарламасынан тамыр тартқан «Қазақтану», «Ұлы Дала елі», қатпарлы тарихымызды танып-білуге, азаматтық бірегейлікті және Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігін дамытуды көздеген «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» т.б жобалары өтті. Солардың бірі де бірегейі - жастардың арасында рухани тұрақтылықты дамыту және патриоттық құндылықтарды тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және этнос өкілдеріне қазақ халқының дәстүрін, тарихын насихаттау мақсатында өтетін «Мың бала» жобасы.
Биылғы еліміздегі эпидимиологиялық ахуалды ескере отырып, Жамбыл облысында онлайн түрде өткен аталмыш байқауға өзге қала, аудандардан мыңға жуық 15-23 жас аралығындағы өзге ұлт өкілдері, жоғары, орта арнаулы білім беретін оқу орындарының студенттері мен мектеп оқушылары үміткер болды. Нәтижесінде өңірімізден жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар танылған екі үздік қатысушы республикалық байқауға ұсынылған болатын.
20 ноябрь күні ҚХА төрағасының орынбасары - ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаевтың, ҚР Информация және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілхановтың, ҚХА төрағасының орынбасары Майя Бекбаеваның, «Қоғамдық келісім» РММ басшысы Ербол Шәуеновтың, өңірлік Ассамблея мүшелерінің және БАҚ өкілдерінің қатысуымен республикалық байқаудың марапаттау салтанаты ZOOM алаңында өтті.
Жамбыл облысынан «Тіл мектебі» номинациясы бойынша Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназиясынан қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Есенов Шапағат пен «Әлеуметтік желілерде «Abaıdyń 175 jyldyǵy» акциясы бойынша үздік болған 6 «В» сынып оқушысы Халилова Эльзара алғыс хаттар мен бағалы сыйлыққа ие болды.
«Қазақ тілін жетік меңгеру қоғам қажеттілігі, заман талабы және ең бастысы – Отанға деген, қазақ халқына деген құрмет деп білемін» ,-дейді Халилова Эльзара. Мемлекеттік тілдің мерейі мен үстемі арта берсін!!!