САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАНАЙЫҚ!
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАНАЙЫҚ!
21 январь күні «Қыз Жібек» қыздар клубының аясында Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының бөлім меңгерушісі, дәрігер Ниязалиева Айнұр Асқарқызы мен гимназиямыздың 8-сынып қыздары арасында салауатты өмір салтының маңыздылығы туралы онлайн-кездесу өтті. Арнайы шақыртылған дәрігер Ниязалиева А.А. өз дәрісімен бөлісті.
Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Қазіргі мәліметтер бойынша денсаулық 53-55%- ға салауатты өмір салтына тәуелді болады екен. Бұдан салауатты өмір салтын ұстанудың қаншалықты маңызды екендігін айқын аңғаруға болады.
Салауатты өмір салты дегеніміз- денсаулықты нығайту мен сақтау, ағзаның дұрыс дамуын қамтамасыз ететін гигиеналық ережелерді орындау. Ол үшін денссаулықа жағымсыз әрекеттерден (нашақорлық, шылым шегу, ішімдік ішу, улы заттарға әуес болу) аулақ болу.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен шұғылдану-деніміздің сау болуының негізгі кепілі. Сондықтан, салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтанып, спортпен айналыссақ, нәтижесінде денсаулығымыздың мықты болатынын естен шығармайық!