ЖИТС- ғасыр індеті
ЖИТС- ғасыр дерті. Аурудың арнайы емі жоқ, сондықтан барлық жүргізілген шаралар ауруды тежеуге және адам өмірінің сапасын шамалы болса да ұзартуға көмектеседі. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы 1988 жылы 1 желоқсан күнін ЖИТС- пен күресу күні деп белгіледі және әлеуметтік төзімділікке шақырды. Содан бері бұл күн әр түрлі ұрандармен, іс- шаралармен өткізіледі. Осыған байланысты мектебімізде де бірқатар бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Барлық іс- шаралардың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттауға шақыру, аждаһа дертті ауыздықтау, халыққа аурудың алдын-алу мен жұқтырып алмау тәсілдерін түсіндіру.
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демекші, адамға денсаулық бір- ақ рет беріледі, ал сіздің денсаулығыңыз –өзіңіздің қолыңызда. Әр адамның мәнді де сәнді өмір сүруі үшін денсаулықтың әсері ұшан-теңіз екен. Сондықтан да өмірдегі ең жарқын жастық шақтарымызда дендеріміздің саулығына бүгіннен бастап қамқор болайық.
Ей, ұрпағым, есіңді жи, азбаңдар,
Қиыршық құмдай үгітіліп, тозбаңдар.
Салауатты өмір салтын сақтаңдар!
Болашаққа нық қадаммен бастаңдар!!!