1 март – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні
1 март – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін атап өтуге арналған онкүндік өз мәресіне жетті. Онкүндік аясында гимназиямызда тақырыптық тәрбие сағаттары, сурет көрмесі, бейнероликтер шеруі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, гимназияның дене шынықтыру пәні бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен әртүрлі табиғи және техногендік оқиғалар мен төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекетті білу мақсатында оқушыларға арнайы семинар тренинг өткізілді. Семинар тренингке М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Өмір тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының аға оқытушылары Ж.Ж.Жайлаубаев пен Е.Ж.Кадрешов қатысып, төтенше жағдай кезіндегі алғашқы іс-әрекет жаттығуларымен таныстырды.
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу бойынша барлық іс-шаралар төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер бойынша халықтың хабардарлығын арттыруға бағытталған. Қауіпсіздігіңіз қаперден тыс қалмасын!