ТАМЫЗДЫҢ ТАМАША ТАРТУЫ
24 август күні Жамбыл облысы Тараз қаласында білім саласы қызметкерлерінің қатысуымен «Білімді ұлт - мемлекет дамуының тұрақты кепілі» тақырыбында август конференциясы өтілді. Конференцияда қала әкімінің орынбасары Дәулет Әбілқайыров қаламыздағы білім беру саласына үлкен үлес қосып келе жатқан педагогтерді, соның ішінде Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназияның тарих пәні мұғалімі Жангабулова Салтанат Әбілдақызына Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасын табыстады.
Жангабулова Салтанат Әбілдақызы - жан-жақты білімді, өз мамандығына сай, өз ойын шәкірттеріне анық, түсінікті, тұжырымды, дәл айтып түсіндіре біледі. Школьникам сапалы білім беруде, пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында, сабақтарында қазіргі талапқа сай әдіс-тәсілдерді нәтижелі қолдана біледі. Үнемі ізденіс үстінде өз біліктілігін, шеберлігін шыңдап отырады. Коммунальное государственное учреждениеның Құрмет грамотасымен марапатталған.
Оқушылары облыстық, республикалық тарих және құқық негіздері пәндері бойынша ғылыми жоба мен олимпиада жеңімпаздары.
Осындай жоғары жетістіктерге жеткен ұстаздарымызды мақтан етеміз. Ұлағатты ұстаздарымыздың мәртебесі әрқашан биік болып, беделі арта берсін!
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Мұсабекова Мадина Даниярбекқызы