Государственные символы – ұлт мақтанышы
Государственные символы – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін атрибуттарының бірі. Тәуелсіз мемлекетіміздің әрбір азаматы құрметтеуге, мақтаныш етуге тиісті ресми рәміздері бар. Елімізде Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн – мемлекеттік рәміздер болып табылады. Государственные символыімізге шетелдік мамандар жоғары баға берген, сонымен қатар рәміздеріміз әлемдік каталогқа енген.
Государственные символы – елдің ұлттық болмысын, дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытатын символикалық белгілер. Жай ғана мысал, Олимпиада ойындарындағы өз спортшыларымыздың жеңісі кезіндегі мемлекетіміздің көк байрағының желбіреуі – әрбір азамат үшін зор мақтаныш тудырады. Қазақстанның тұңғыш рәміздері – Ту мен Елтаңба 1992 жылы 4-июньда қабылданды. Ал Әнұран мәтіні сол жылдың 11-декабрьында бекітілді. Биыл мемлекеттік рәміздерімізге 30 жыл толады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы. Тудың авторы – суретші Шәкен Ниязбеков. Бұлтсыз көк аспан – бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн – қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Қанатын жайған қыран құс – бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi.
Елтаңбаның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. Шаңырақ - елтаңбаның жүрегi. Тұлпар – дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлігі, желдей ескен жүйрік аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Бес бұрышты жұлдыз – елтаңбаның тәжi iспеттi.
Әнұранның сөзін Қазақстан Республикасының әр азаматы жатқа білуі тиіс.Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның Гимні тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасы бойынша, 2006 жылы 6-январьда еліміздің парламентінде бекітілді. Әнін жазған – композитор Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар – Нұрсұлтан Назарбаев пен Жұмекен Нәжімеденов.
Қорыта келгенде, еліміздің ежелден аңсаған Тәуелсіздігіне қол жеткізіп, қазақ ұлтының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының қайта жаңғыруы, мемлекеттік рәміздердің бекітілуі болашақ дамуға бет алған егемен еліміз үшін үлкен қадам еді. Сондықтан мемлекеттік рәміздерді қастерлеу – әрбір Қазақстан Республикасы азаматының қасиетті борышы деп білемін.
6 «Б» сынып оқушысы
Әбілда Әйгерім