«Менің отбасымның құндылықтары» эссе байқауы
Гимназиямызда "Отбасы-мектеп" жобасы аясында журналистика үйірмесінің ұйымдастыруымен 17-24 январь аралығында "Менің отбасымдағы құндылықтар" тақырыбында эссе жазу байқауы өтті. Эссе жазу барысында оқушылар "отбасы" деген қастерлі ұғымға өз түсініктерімен анықтама беріп, ой қорытқан. Өздерінің шағын Отандарындағы құндылықтарға, ондағы сақталатын әдет-ғұрыптарға тоқталып өткен. Байқауға ұсынылған жұмыстардың ішіндегі үздіктері іріктеліп, жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.Аязбай Камила - І орынды, Ынтықбай Елдана - ІІ орынды,
Орынбасар Жания - ІІІ орынды иеленді.
Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені, адам ең алғаш «шыр» етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын ешнәрсе толтыра алмақ емес.
6 «Б» сынып оқушысы
Қалмұхамбет Сұлужан