Кітап – асыл қазына
Январь айында «Кітап оқу – сән» тақырыбында гимназия мұғалімдері арасында оқырмандарды кітап оқу өнеріне, көркем шығармалардың тамашалығын сезінуге, оқығандарын дұрыс бағалай алуға, өзгелерді қызықтыра білуге шақыру мақсатында оқырмандар конференциясы өтті. Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды ескере отырып шағын ортада ұйымдастырылған шараға қатысқан мұғалімдер соңғы оқыған шығармаларының сюжетімен, оның маңыздылығымен бөлісті. "Қазіргі күнде жастар арасында кітап оқу белсенділігін арттыру үшін не істеу керек?" деген өзекті сауалға бірлесе жауап іздеп, өзара пікір алмасты.
Сонымен қатар, оқушылар арасында да «Менің сүйікті кітабым» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Мұсабекова М.Д.