Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жүлдегері
Шымкент қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауы өз мәресіне жетті. Зияткерлік сайыстың жеңімпаздары қазақстандық жоғары оқу орындарына білім гранттарын жеңіп алды. Сонымен қоса, ең үздік үш жоба АҚШ-та ISEF-2022 Дүниежүзілік ғылым және технологиялар көрмесінде ұсынылады. Ғылыми жобалар байқауының қорытынды кезеңі 21-25 февраль аралығында өтті. Байқаудың үш кезеңінің қорытындысы бойынша 9-11 сынып аралығындағы 748 бала республикалық турға өткізілді.
Қазылар алқасының шешімімен 336 мектеп оқушысы зияткерлік сайыстың жеңімпазы атанды. Оның ішінде 66 қатысушы І дәрежелі дипломдармен және МОН РК алтын медальдарымен, 100 қатысушы ІІ дәрежелі дипломдармен және күміс медальдармен марапатталды. Байқаудың 175 қатысушысы III дәрежелі диплом мен қола медальға ие болды. Соның ішінде гимназиямыздың 10-сынып оқушысы Әсіпбек Азиза «Адам және қоғам» секциясы бойынша қатысып, жүлделі II орынды иеленіп, күміс медальді қанжығаға байлады. Жетекшісі- тарих және құқық негіздері пәндерінің мұғалімі Жангабулова Салтанат Абильдаевна. Оқушылардың жеңіс тұғырынан көрінуі – сапалы білім берген білікті педагогтеріміздің еңбегінің жемісі.
10 «Ә» сынып оқушысы
Расылхан Ұлжан