«Мың бала» республикалық мәдени - ағарту жобасының облыстық кезеңі
«Мың бала» республикалық мәдени - ағарту жобасының облыстық кезеңі
Ағымдағы жылдың ноябрь айында Тараз қаласының Достық үйінде Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ және облыс әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен «Мың бала» республикалық мәдени - ағарту жобасының облыстық кезеңі өткізілді. Жобаның басты мақсаты- мемлекеттік тілді үйрету арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту және қазақ әліпбиінің латын графикасын дамыту. Іс-шараға әр номинация бойынша барлығы 20 үміткер қатысты. «Мың бала» жобасы «Тіл мектебі», «Асыл сөз» мектебі, «Тиімді тілдік орта» ойын алаңы, Әлеуметтік желілерде «Abaıdyń 175 jyldyǵy» сынды 4 бағдарлама бойынша ұйымдастырылды.
Байқаудың қорытындысы бойынша, әлеуметтік желілерде «Abaıdyń 175 jyldyǵy» номинациясы бойынша гимназиямыздың 6 «В» сынып оқушысы - Назарова Мафтуна алғыс хатпен марапатталды.Байқаудың жеңімпаздары мен қатысушыларына Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесі тарапынан бағалы сыйлықтар тапсырылды.