1 март – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні
Адам өмір бойы әр түрлі қауіп-қатерге кездеседі, сол себебті өмір сүруге, медициналық қызмет алуға, азаматтық қорғанысқа, қауіпсіздікке, болуы мүмкін қауіп-қатерлер туралы мәлімет алуға, қауіп-қатерлер орын алған жағдайда, оның зардаптарынан және басқа да төтенше жағдайлардан қорғалуға құқылы. 1972 жылдың март айында Азаматтық қорғаныстың халықаралық ұйымы құрылып, Қазақстан Республикасы 1997 жылдың октябрь айында тәуелсіз мемлекет ретінде Азаматтық қорғаныстың халықаралық Ұйымының қатарына қосылды. Әр жыл сайын 1 март Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс күні болып аталып өтіледі. Соған сәйкес гимназиямызда да бірыңғай тәрбие сағаттары өткізіліп, балалар маңызды ақпараттармен таныстырылды.
6 «Б» сынып оқушысы
Әбілда Әйгерім