Жолда жүру ережелерін білеміз бе?
25 сәуір мен 25 май аралығында гимназиямызда жолда жүру ережелері бойынша қалыптасқан оқушы білімдерін пысықтап, оның өмірдегі маңызын түсіндіру мақсатында «Жол ережесінің қауіпсіздігі» атты айлық өтуде. Мектепішілік жоспарға сәйкес, айлық барысында әр сыныпта «Жолда жүру ережесі» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Бастауыш сынып оқушылары арасында «Жаяу жүргінші, назар аудар!» тақырыбында сурет көрмесі, «Жолдос көмекке асығады» мульфильмінің көрсетілімі, 5-8 сынып оқушылары арасында « Балалар, назар аударыңдар!» шығарма байқауы ұйымдастырылды. Жол полициясы қызметкерлерімен кездесу, «Мектеп әуені» радиосының тақырыптық шығарылымдары жоспарға сәйкес өткізілуде. Жолда жүру ережесін қатаң сақтаңыздар. Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік!
6 «Б» сынып оқушысы
Сабырбек Әсел