09
қараша
2019
Назарбаев университетінің Ашық есік күні
Ә.Бөкейханов атындағы № 1 гимназияның 10 және 11 сынып оқушылары «Көне Тараз» мұражайында өткен Еуразияның жүрегінде, Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр – Сұлтан қаласында орналасқан заманауи және қарқынды дамып келе жатқан халықаралық университет -Назарбаев Университетінің ашық есік күніне барып қайтты. Университеттің құрылуы, білімі, бағыттары жайлы мәліметтермен таныстырды. Қалай түсуге болатыны, тіркелу, тесттердің қалай өтілетіні және тіркеу қай уақыттан басталатыны туралы да айтып өтілді. Таныстырылым үш тілде өтті. Ең қызығы оқушылар үш тілде оқытушылармен сұрақ – жауап алмасты. Сонымен қатар, ұялы телефон арқылы дауыс беріп, «KAHOOT!!!» ойыны ойналды. Ойын өте қызық болды, балалар сыйлықтар алып қайтты.