29
мамыр
2025
Кітапхана - білімнің күншуағы
Бүгінгі таңда адамзат алдында тұрған басты мақсат- білімді ұрпақ тәрбиелеу.Ал ұрпақ білімді қайдан алады? Әрине, кітаптан. «Кітапхана - білімнің күншуағы» десек, «Ізденсем, білсем» деген балаға кітапхананың есігі әрқашан да ашық. «Артық білім-кітапта,ерінбей оқып көруге» деп Абай Құнанбаев атамыз айтпақшы, адам баласы үшін кітап - тілсіз тәрбиеші. Кітап адам баласына бала кезінен бастап, өмірінің соңына дейін сырлас досы бола алады.
Олай болса , № 1 Ә.Бөкейханов атындағы гимназия кітапханасының ұйымдастыруымен «Ең үздік оқырман» байқауы жоғарғы деңгейде өткізілді. Байқауда қай оқушы кітапханамен жақсы қарым-қатынас жасайды, кім көп кітап оқығанын, кітап оқу арқылы кімнің білімі мен білігі артық екенін анықталды.
Алғашқы кезеңде, гимназиямыздың конференция залында, «Ең үздік оқырман» байқауының «Белсенді оқырман» номинациясын алған жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өткізілді. Кітапхана меңгерушісі С.Самихжанқызы оқушыларды оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтап, белсенді оқырмандарымызға сыйлық пен гимназия атынан дипломдарын табыстады.