Білім беру үрдісіндегі инновациялық технологиялар және олардың функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға әсері
2020 жылдың 20 қаңтар мен 25 қаңтар аралығында «Білім беру үрдісіндегі инновациялық технологиялар және олардың функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға әсері» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы өтті.
Апталықты көркемдейтін көрнекі құрал ретінде бастауыштар залында «Тіл- ұлттық қазына» атты көрме қойылды. Көрмеге тіл туралы ақын – жазушыларымыздың қанатты сөздері, оқушыларымыздың жетістіктері ілінді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығын қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бештаева С.Ш. «Мектеп әуені» радиосының «Таңжарық» ақпараттық сазды бағдарламасында «Қазақ тілі - мақтанышым» атты эфирімен салтанатты түрде ашты. Эфирде ана тіліміздің құдыреттілігін, ұлтымыздың мақтанышы, көзіміздің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрамыз екендігін айтты. Сондай – ақ, апта бойы өткізілетін іс-шараның жоспарымен таныстырып, оқушыларды және мұғалімдерді белсенді қатысуға шақырды.
Қазақ тілі – бай тіл, оралымды, ырғақты теңеу-бейнелеулері ерте туған тіл. Поэзияда Абай, Ілияс, прозада Мұхтар сияқты алыптар туғызған тіл. Осындай тілімізді таза ұстайық!Қазақстан егемендігін баянды етіп, оны әлемдегі озық елдердің қатарына қосу үшін мемлекеттік тілдің жетекші рөл атқаратындығын әсте естен шығармайық.