22
қаңтар
2022
Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау
Жер бетінде жойылып бара жатқан жануарлар әлемі туралы түсінік беру, адам өміріндегі табиғаттың маңызы, ондағы байлық жан-жануарларды қадірлеп-қастерлеу, қорғауға және кейінгі ұрпаққа ата-бабамыздың ұшқан құс, жүгірген аң, жыбырлаған жәндігінің берекесін кетірмей қорғағанын ұқтыру және өз үлесін қосуына ықпал ету мақсатында қаңтар айында гимназиямызда «Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары болып өтті. Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Табиғат пен адам қатар ұғым. Адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Адам табиғатты қасиет тұтуы керек.
6 «Б» сынып оқушысы
Мейрам Аяна