ӘЙЕЛ-ОТБАСЫНДА ШУАҚ, ҚОҒАМДА-ТІРЕК » КГУ "Гимназия №1 имени Алихана Бокейханова отдела образования акимата города Тараз"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 43-34-92
Есепші бөлімі:
+7(7262) 43-29-21
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ӘЙЕЛ-ОТБАСЫНДА ШУАҚ, ҚОҒАМДА-ТІРЕК
05
наурыз
2021

ӘЙЕЛ-ОТБАСЫНДА ШУАҚ, ҚОҒАМДА-ТІРЕК


ӘЙЕЛ-ОТБАСЫНДА ШУАҚ, ҚОҒАМДА-ТІРЕК


8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай,  «Әйел – отбасында шуақ, қоғамда-тірек» атты Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназияның «Қыз Жібек» қыздар клубының жетекшісі Б.Б.Әлмұратова 7-сынып қыздары және сынып жетекшілерімен бірге дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты - болашақ ұрпаққа дүниедегі жақсылық атаулының барлығы күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру, ананы қадірлеп сыйлай білуге,  жас ұрпақ тәрбиесіне зор еңбек сіңіріп жүрген азаматшаларға құрмет көрсету.

Бүгінгі заманда әйелдің қоғамда атқаратын рөлдері арасындағы айырма қарқынды ұлғайып келеді. Бір полюстің басында – әйелдері отбасы төңірегінде шектелген елдер, ал екінші полюсте – керісінше әйелдері балаларына, ұрпақ жалғастығына деген сезімдерінен айрылып, отбасынан жедел алыстап бара жатқан мемлекеттер тұр. Осы екі полюс ортасындағы біздің еліміздің жағдайы – нағыз «алтын аралық». Біздегі әйелдер жұмыста да, спортта да, ғылымда да орасан зор табыстарға жетуде.

«Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды». Расында да, анамыз барда жасымыз жүздің асуынан асса да, өзімізді әрқашан бейкүнә сәбидей сезінеміз. Небәрі үш-ақ әріптен құралған сөзде қаншама мән-мағына жатыр. Түн ұйқысын төрт бөліп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, әрдайым баласы үшін шыр-пыр болып жүретін анамыздың жұмақ иісі аңқыған, балдай тәтті ақ сүтінің алдында мәңгілік қарыздармыз. 

Ана жайлы ойыңды айтып тауысу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген құрметі, махаббаты шексіз. "Анаңның ақылы - жүздеген ұстаз, мың сан мектептен артық тәрбие", - деген ұлағатты сөз бекер айтылмаса керек. Себебі, қандай тәлім–тәрбие беріп, сені алтынмен аптап, күміспен күптеп қойса да, анаңның берген ақылы мен жылы алақанына ештеңе татымайды. Қорыта айтқанда, барлық адам баласы ана алдындағы перзенттік парызын өтеп, ақ сүтін ақтап,  киелі жандардың бақытты болуын ойлауы керек. 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив