«Жас Ұлан» әскери-спорттық ойыны жүлдегерлері
Ата-бабаларымыз аңсап өткен егемендіктің бізге оңайлықпен келмегені белгілі. Жасөспірімдерді мектеп қабырғасынан бастап, әскери қызметке дайындау, өз Отаны мен оның халқы алдындағы жауапкершілігін ұғындыру - алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру пәндерінің негізі болып табылады.
Осыған орай, жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өткізілген облыстық «Жас ұлан» әскери-спорттық ойынында Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназия командасы ІІ орынды иеленді. Шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, жастарды әскери-патриоттық тәрбиеге баулу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және қолданбалы спорт түрлерін насихаттау, ынтымақтастық пен достықты нығайту болып табылады. «Жас ұлан» әскери-спорттық ойыны барысында жеткіншектер әскери қызметке дайындығын қөрсетеді. Ұйымдастырушылар мұндай жарыстардың мамандық таңдауға ықпалы зор екендігін айтады.
Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы мен міндеті.
6 «Б» сынып оқушысы