31
қаңтар
2025
Кітапханаға кітап сыйла
«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы
Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназияның кітапханасында «Жомарт жүрек» жобасы аясында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында мектебіміздің ата-анасы Күздеубеков Елдос Қамбарұлы демеушілік жасап, Шерхан Мұртаза атындағы кітап дүкенінен кітапханамызға құнды кітаптар сыйлады.
📖 Кітапхана қоры мынадай жаңа басылымдармен толықты:
✅ 20 дана энциклопедия
✅ 30 дана анықтамалық әдебиет
✅ 80 дана көркем әдебиет
✅ 50 дана балалар әдебиеті
Бұл игі іс-шара оқушылардың білім көкжиегін кеңейтіп, кітап оқуға деген қызығушылығын арттырады. Кітапханамыздың мазмұны байып, оқырмандар үшін қолжетімді жаңа әдебиеттермен толықты.
Мектеп өміріне белсенді араласып, осындай игі істерге үлес қосып жүрген ата-аналарға шексіз алғысымызды білдіреміз! Сіздердің қолдауларыңызбен гимназиямыздың кітапханасы жаңа кітаптармен толығып, оқушыларымыздың рухани дамуына ықпал етуде.
Рақмет сіздерге! 📚✨