06
наурыз
2025
Орыс тілі мен әдебиеті айлығының ашылуы
Біздің мектепте Орыс тілі мен әдебиеті айлығының салтанатты ашылу рәсімі өтті! Іс-шара Ұлы Отан соғысы жылдарында өткен орыс жазушылары мен ақындарының шығармашылығына арналды. Олардың шығармалары – тарихтың тірі куәгері, халқымыздың қайсар рухы мен ерлігінің мәңгілік естелігі.
🔍 Ашылу барысында оқушылар қызықты интеллектуалдық және шығармашылық тапсырмаларға қатысты:
🔹 Тірі микрофон 🎤 – орыс әдебиетінің шеберлері жайлы сұрақтар;
🔹 Әдебиет сандығы 📦 – әдеби жұмбақтар мен шығармалардан үзінділерді табу;
🔹 Кітапты сезіп табу 📚 – тактильді сезім арқылы кітаптарды анықтау.
📝 Алда бізді әдеби викториналар, шығармашылық конкурстар мен әдеби шығармаларды оқу секілді қызықты шаралар күтіп тұр!
💬 Орыс әдебиетінің тереңдігі мен сұлулығын бірге ашайық!