"Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты » КГУ "Гимназия №1 имени Алихана Бокейханова отдела образования акимата города Тараз"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 43-34-92
Есепші бөлімі:
+7(7262) 43-29-21
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » » "Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
23
қараша
2021

"Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Педагогтерді аттестаттаудан
 
өткізу қағидалары мен
 
шарттарына 7-қосымша

"Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының Білім басқармалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері 


2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

3) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады egov.kz (бұдан әрі – портал)


3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүгінген кезде – 20 минут;

2) көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – 3 (үш) жұмыс күні;

3) көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша емес Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – 7 (жеті) жұмыс күні;

4) портал арқылы – 1 (бір) жұмыс күні.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут;

2) мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-20 (жиырма) минут.


4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Қағаз/электронды, жартылай автоматтандырылған түрде


5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде педагогтерге біліктілік санатын беру (растау) үшін осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдау туралы қолхат беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.

Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

Өтініш берушінің (өкілдің) өтініші болмағандықтан мерзімінде берілмеген құжаттар бір ай ішінде мемлекеттік корпорацияда сақталады, осы мерзім өткеннен кейін талап етілмеген ретінде көрсетілетін қызметті берушіге қайтарылады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

Портал арқылы жүгінген кезде құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама немесе көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен қол қойылған дәлелді өтінімі одан әрі қарау кезінде бас тарту өтініш берушінің жеке кабинетінде көрсетіледі.


6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Жеке тұлғаларға тегін


7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Көрсетілетін қызметті берушіде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

2) мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Қабылдау "электрондық" кезек тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы броньдауға болады.

 3) портал - жөндеу жұмыстарына байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін демалыс және мереке күндері өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру мемлекеттік қызмет көрсету келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).


8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

 көрсетілетін қызметті берушіге: 

 1) өтініш;

 2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) (иесіне қайтарылады) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 

 3) білімі туралы диплом;

 4) қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса);

 5) жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжат;

 Мемлекеттік корпорацияға: 

 1) өтініш;

 2) білімі туралы диплом;

 3) қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса);

 4) жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжат;

электрондық үкімет веб-порталы арқылы egov.kz: 

 1) өтініш

 2) білімі туралы диплом;

 3) қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса);

 4) жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжат; 

Білімі және еңбек қызметі туралы деректер электрондық үкімет шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынады. Ақпарат болмаған жағдайда өтініш беруші растайтын құжаттарды қоса береді.

Бұл ретте аттестаттаудан өту үшін тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиясы ақпараттық жүйе бойынша мынадай деректерді сұратады:

1) Біліктілік санатын беру туралы куәлік және бұйрық (бұрын біліктілік санаты болған адамдар үшін);

2) ұлттық біліктілік тестілеуден өткені туралы құжат және эссе;

3) кәсіби жетістіктерін растайтын құжаттар; 

4) "педагог-зерттеуші" немесе "педагог-шебер" біліктілік санатына-тәжірибені жинақтау; 

5) бақылау парақтарымен сабақтардың/сабақтардың бейнежазбалары және сабақтарды/сабақтарды талдау (ПМПК педагогтерін қоспағанда);

6) білім беру ұйымының педагогикалық кеңесі хаттамасынан үзінді.

Ескертпе: 

аттестаттау комиссиясы білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификатты және кәсіби жетістіктерін және жинақталуын растайтын құжаттарды білім басқармаларының және ҚР БҒМ-нің (ведомстволық бағынысты ұйымдардың) ресми сайттарында қарайды.

білім алушылардың/тәрбиеленушілердің жетістіктерін растайтын құжаттарды (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерін, ПМПК, ППТК, РО педагогтерін қоспағанда) аттестаттау комиссиясы білім басқармаларының және "Дарын" РҒПО-ның ресми сайттарында білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен республикалық және халықаралық олимпиадалардың, конкурстар мен жарыстардың тізбесіне сәйкес қарайды.


9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

2) көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдар, деректер мен мәліметтер талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда бұзылуы мүмкін.


10

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Ағза функцияларының тұрақты бұзылулары бар, өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, құжаттарды қабылдауға бағдарлану қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсетуді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері 1414; 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну арқылы тұрғылықты жеріне барып жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің интернет-ресурсында: www.edu.gov.kz;

2) мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында: www.gov4c.kz.

Көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ болған жағдайда порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 77777 арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.

Көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www.edu.gov.kz.





Педагогтерді аттестаттаудан
 өткізу қағидалары мен
 шарттарына 8-қосымша
 
Нысан


____________________________
 (білім беруді басқару органының


атауы)






Аттестаттауға және біліктілік санатын беру (растау) рәсіміне қатысуға ӨТІНІШІ

Мен, __________________________________________, ЖСН_______________,

(педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

______________________________________________________________________

                           (лауазымы, жұмыс орны, электрондық поштасы)

 20 ___ жылы біліктілік санатын мерзімінен бұрын беру рәсіміне қатысуға

 ______________________________________________________________________

 лауазымы (мамандығы) бойынша)

 рұқсат беруіңізді сұраймын_______________________________________________,

 Бүгінгі таңда ___(күні) __ (айы) _____ жылғы дейін жарамды біліктілік санатына иемін: __________________________________ _____________________________

       __________________________________ _____________________________

 Мен келесі жұмыс нәтижелерін негіз деп санаймын:

 _______________________________________________________________________

 _______________________________________________________________________.

 Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:

 _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________.

      Білімі:

Оқу орнының атауы

Оқу кезеңі

Білімі туралы дипломда немесе атқаратын лауазымы бойынша тиісті біліктілік бере отырып, қайта даярлау туралы құжатта көрсетілген мамандық (біліктілік)







Жұмыс өтілі:

Жалпы

Білімі туралы дипломда немесе атқаратын лауазымы бойынша тиісті біліктілік бере отырып, қайта даярлау туралы құжатта көрсетілген мамандық (біліктілік) бойынша

Педагогикалық

Осы білім беру ұйымында









 Марапаттары, атағы, ғылыми (академиялық) дәрежесі, ғылыми атағы алған (берілген) жылын көрсете отырып______________________________________

 Педагог жұмыс істейтін білім беру ұйымының атауы

 Біліктілік санатын кезекті беруді (растауды) тәртібімен таныстым.

 

"____" __________ 20 ___ жыл __________________

                                                                           (қолы)



Педагогтерді аттестаттаудан
 өткізу қағидалары мен
 шарттарына 9-қосымша

 
Нысан


___________________________
 Көрсетілетін қызметті
 алушының
 Т.А.Ә.(болған жағдайда)/

Білім беру ұйымдарында қызмет атқаратын педагогтердің аттестаттаудан өту үшін құжаттарын қабылдаудан бас тарту туралы қолхат


      Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарының 63-тармағын басшылыққа ала отырып

      ____________________________________________________________________

      / көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның атауын, мекенжайын көрсету / педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) рәсіміне қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартады

      ____________________________________________________________________

      / көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә.( болған жағдайда) көрсету/

      ____________________________________________________________________

      /білім беру ұйымының атауын көрсету/

      байланысты__________________________________________________________,

      атап айтқанда /жоқ немесе сәйкес келмейтін құжаттардың атауын көрсету/:

      1) _________________________________;

      2) _________________________________;

      3) _________________________________.

      Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

      "____" __________20___жыл

      _____________________________________________________________________

      (Мемлекеттік корпорация қызметкерінің Т. А.Ә. болған жағдайда)

      _____________________________________________________________________

                                                      (қолы, байланыс телефоны)

      Алды: _______________________________________________________________

      /Көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (болған жағдайда)/


     "____" ___________20___жыл ______________/ қолы





Педагогтерді аттестаттаудан
 өткізу қағидалары мен
 шарттарына 10-қосымша
 
Нысан


____________________________


/ Көрсетілетін қызметті


алушының


Т.А.Ә.(болған жағдайда)/


Аттестаттаудан өту үшін білім беру ұйымдарында лауазымдарды атқаратын педагогтердің құжаттарын қабылдау туралы қолхат


      _________________________________________________________________

      /көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә.(болған жағдайда) көрсету/

      _________________________________________________________________

      /көрсетілетін қызметті берушінің атауын көрсету/

      Педагогтерді аттестаттау рәсіміне қатысу үшін қабылданған құжаттардың тізбесі:

      1.__________________________________________________________

      2.__________________________________________________________

      3.__________________________________________________________

      Қабылдады: ______________________________________________________

      (Орындаушының Т.А.Ә. (болған жағдайда)) (қолы, байланыс телефоны)

      "____" ___________20___жыл


Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив