06
мамыр
2025
Сөйлесім әрекетін меңгерту әдістемесі
2025 жылдың 25 сәуірінде Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде өткен Қазжанов Ғалым Төлегенұлының “Сөйлесім әрекетін меңгерту әдістемесі” атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинарына белсенді қатысып, жоғары деңгейде баяндама жасағаны үшін 9 “Б” сынып оқушысы Умирбек Жаннұр І дәрежелі дипломмен марапатталды!
Жетекшісі – Мусабекова Мадина Даниярбекқызы.
Оқушымыздың бұл жетістігі – табандылық пен тынымсыз еңбектің нәтижесі.
Жаннұрды және жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа белестерді бағындыра беріңдер!