08
мамыр
2025
"ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ" пәні бойынша оқушылар олимпиадасы
Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында ұйымдастырылған "ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ" пәні бойынша оқушылар олимпиадасында Тараз командасы тамаша өнер көрсетіп, жүлделі І орын иеленді!
Бұл жеңіс – тек спорттық дайындықтың емес, тәртіп пен бірліктің, жауапкершілік пен жанкештіліктің айқын көрінісі. Команда мүшелері енді #республикалық_кезеңге жолдама алып, Тараз намысын абыроймен қорғайтын болады.
Жеңістеріңіз құтты болсын, жас спортшылар! Алдағы сындарда да сәттілік серіктеріңіз болсын!