12
ақпан
2025
Оқу орындарының оқушылармен кездесулері
5 ақпан күні Ә. Бөкейханов атындағы №1 гимназиясының 11-сынып оқушылары ҚР Білім және жоғары білім министрлігі мен М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің ұйымдастыруымен өткен "Study in Kazakhstan" атты көрмеге қатысты. Бұл шара 10-11 сынып оқушыларына арналған және оған 20-дан астам шетелдік ЖОО филиалдары қатысты.
🔰 Шараға ҚР Білім және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәменов, Жамбыл облысы білім басқармасының басшысы Рауан Садырқұлов, педагог-профориентолог Айдос Жұманазар, сондай-ақ шетелдік ЖОО филиалдарының өкілдері, бітіруші түлектер мен ата-аналар қатысты.
⚜️ "Study in Kazakhstan" көрмесінің мақсаты – Қазақстаннан шықпай-ақ, шетелдік жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндігін ұсыну арқылы жастарға халықаралық тәжірибе игеруге жағдай жасау және достық қарым-қатынастарды нығайту.
• Қазіргі таңда еліміздің көптеген өңірлерінде беделді шетелдік ЖОО-лармен байланыс орнатылып, ҚОС ДИПЛОМ жүйесі енгізілуде. Алдағы уақытта шетелдік жоғары оқу орындарының санын арттыру жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Білім және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев өз баяндамасында атап өтіп, түлектерге жылы лебізін жеткізді.
🔰 Бітіруші түлектерге Дулати университетінің базасында ашылған Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті, сондай-ақ беделді Америкалық "Arizona" университеті, "Анхальта" университеті және "Coventry University" туралы толық ақпарат беріліп, ондағы білім алу мүмкіндіктері баяндалды.
🔰 Мектебіміздің оқушылары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сапалы жоғары оқу орнына түсуге қатысты пайдалы кеңестер алды.